Abstract:
Ұсынылған жұмыста жыртқыш-олжа жүйесiнiң «бiрлесiп қорғану» әсерi
жүзеге асатын Лотка-Вольтер моделiнiң түрленуi қарастырылады. Популяцияның саны
белгiлi бiр мөлшерге жеткен кезде жыртқыштық қарқындылығы және жыртқыштар
санының өсуi азаяды деп болжанады. Жұмыста параметрлердiң әр түрлi мәндерi кезiндегi модельдiң динамикалық режимi көрсетiледi. Лотка-Вольтер қағидаларына негiзделiп өзара әрекеттесу динамикасы сипатталады. Олжалар популяциясында бiрлесiп қорғану әсерi пайда болған кездегi жағдайы үшiн Лотка-Вольтер моделiнiң түрлену қатарын талдауы осы әсердiң әрекетi жыртқыштар санының азаюына және олжалардың көбеюiне рас әкелетiнiн көрсетедi. Сонымен қатар, параметрлердiң белгiлi бiр қатынасы кезiнде модельде динамикалық режимдердiң пайда болуы мүмкiндiгi қарастырылады. Бұл мақала белгiлi бiр мөлшерге жету кезiнде популяциясында пайда болатын бiрлесiп қорғану әсерiнiң әрекетi Лотка-Вольтер моделiн құруға және талдауға арналған.