DSpace Repository

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТОПОЖҮЙЕДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ

Show simple item record

dc.contributor.author ҚОҢЫРАТБАЕВА, Ж.М.
dc.date.accessioned 2023-06-12T06:36:27Z
dc.date.available 2023-06-12T06:36:27Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.isbn 978-601-337-709-4
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2333
dc.description.abstract Мақалада қазақ транстопожүйесінің аймақтық кейбір мәселесі қозғалады. Трансшекаралық қазақ топонимиясына қатысты түйткілді мәселелердің қатары ауқымды екендігі белгілі. Мақалада соның бір ғана бөлігі – трансшекаралық топожүйедегі бинарлық атаулардың жайы сарапталады. Ондағы мақсат – семантикалық қарама-қарсылыққа құрылған топонимдердің этимологиясын қарастыра отырып, олардың бойындағы бинарлық оппозицияның қаншалықты айқын екендігін зерделеу. Сол арқылы топонимдердің номинациялану принциптерін айқындау. Зерттеудің эмпирикалық материалы ретінде Ресеймен шектес жатқан солтүстік және батыс өңірлерінің топожүйесі алынды. Шекаралық әкімшілік-аймақтық бөлініс бойынша еліміздің СҚО, Павлодар, Қостанай, БҚО, Ақтөбе, Атырау секілді облыстарының бірқатар ауданы Ресеймен шектеседі. Мақалада осы трансшекаралық аймақ топонимдерінің бойындағы бинарлық атаулардың қатары түзіледі. Атап айтқанда, Үлкен – Кіші, Ақ – Қара, Қара – Сары, Жақсы – Жаман, Жылы – Суық, Ащы – Тұщы бинарларының қатары талдауға түседі. Топонимдік бинарлық атаулардың лексикалық антонимдерден айырмашылығы баяндалады. Лексикалық антонимдерде қарама қайшылық айқын көрініс тапса, ал топонимдердің бойындағы бинарлық оппозицияда қарама қарсылықтың толыққанды болмауы мүмкін екендігі сөз етіледі. Топонимдердің қарама-қайшылығы тек топонимдік мәнмәтінде танылатыны, кейде тіпті семантикалық қарама-қайшылыққа емес, мәндес жұп құрауы да ықтимал екендігі баяндалады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева ru
dc.subject трансшекаралық топонимия ru
dc.subject бинарлық атау ru
dc.subject этимология ru
dc.subject түп-төркін ru
dc.subject Ресеймен шектес аймақтар ru
dc.subject Қазақстан ru
dc.title ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТОПОЖҮЙЕДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account