Abstract:
Бұл мақалада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының профессоры Ұ.О.Асанованың ғылымдағы жолы, зерттеушілік қыры, түрлі басылымдарда жарияланған мақалаларының сыр-сипаты, адамдық болмысы, педагогикалық шеберлігі, білім алушыларды бағалау секілді қасиеттері баяндалады. Əдіскер ретіндегі жаңаша оқыту, тың ойлар мен тәжірибелерін бөлісу, мақала сапасы туралы көзқарастары талданады.