Abstract:
Халықаралық деңгейде INTOSAI-дың кәсіби құжаттарында келесі ұғымды береді: «Мемлекеттік саясатты бағалау - бұл саясаттың практикалық пайдасын анықтауға бағытталған зерттеу. Онда саясаттың мақсаттары, оны іске асыру, аралық және түпкілікті нәтижелер мен әсер ету жүйелеудің максималды деңгейімен талданады, саясаттың практикалық пайдасын анықтау үшін оның тиімділігі өлшенеді». Қазіргі таңда халықаралық және отандық деңгейде мемлекеттік аудиттің дамуына байланысты жоғары аудит органдары үшін стратегиялық аудит жұмсалған қаржы ресурстарының бағдарламалық құжаттармен қабылданған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесіне сәйкестігін анықтауға бағытталған мемлекеттік аудиттің өзіндік түрі ретінде, ал екінші жағынан қабылданған стратегиялық шешімді бағалауға және түзетуге мүмкіндік беретін басқару құралы ретінде әрекет ететіндіктен тақырып өзекті болып табылады. Автор мақалада отандық және халықаралық мемлекеттік жоспарлау құжаттарының ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар «стратегиялық аудит» анықтамасы бойынша талқылаулар қарастырылып, авторлық анықтама ұсынылған.