Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы аудиттің қалыптасуы мен дамуы туралы мәліметтер ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар, экологиялық аудиттің маңыздылығы қарастырылады. Экологиялық аудит жалпы Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды және міндетті факторы болып табылады. Қазіргі таңда елімізде аудиттің бұл түрінің маңыздылығы өсуде. Экологиялық аудитті дамыту проблемасының ерекшеліктерін түсіндіру үшін халықаралық тәжірибеде аудиттің осы түрінің қалыптасу тарихын зерделеу қажет.