Abstract:
Мақаланың мақсаты «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін талдау. Мақалада мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық қорытындыларын зерделеп, акционерлік қоғамының қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есебі талданды. Зерттеу барысында есеп саясатының негізгі ережелеріне қысқаша шолуды қоса алғанда, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерден тұратын «Қазақтелеком» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне байланысты талдау жүргізілді. Сонымен қатар, соңғы 3 жылғы, яғни 2018-2020 жылдар аралығындағы көрсеткіштер зерттелді. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар ұсынылды.