Abstract:
Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыш" кітабының ұлттық әдебиеттанудағы орны өте зор. Бұл кітап қазақ әдебиеті ғылымының құнды еңбегі. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен қазақ әдебиеті саласына қосқан зор үлесі жайлы айтылады. ― "Әдебиет танытқыш" кітабының ірі теориялық еңбек ретінде ерекшеліктері мен маңыздылығы айқындалады және талданады.