Abstract:
Қазіргі уақытта Қазақстан экономиканы цифрландыру бойынша
белсенді позицияға ие болды және «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын
ілгерілетуге белсенді түрде ықпал етуде. Республиканың экономиканы
цифрландырудағы белсенді ұстанымы оның элементтерін ішінара енгізудің өзі
шығындарын төмендету мен сатудың өсуі бойынша елеулі әсер беретіндігімен
түсіндіріледі. Отандық кәсіпорындар мен өндірістерді ұйым ретінде, ал
ұйымдарды барлық элементтер бір мақсатқа бағынатын біртұтас жүйе ретінде
қарастыра отырып, кәсіпорынның тіршілігін қамтамасыз ету және өндірісті
технологиялық жаңғырту сияқты күрделі процестердегі цифрландырудың рөлі
мен орнын түсінуге болатындығы туралы маңызды идея негізделген. «Цифрлық
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру – бұл шығындарды қысқарту,
еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің жоғары сапасы, сондай-ақ әлемнің дамыған
30 елінің қатарына кіру мүмкіндігі.