Abstract:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық
макроэкономикалық тұрақсыздықтың бір көрінісі ретінде негізделіп,
жұмыссыздықтың негізгі себептеріне теориялық түсінік беріледі. 2015-
2020 жылдар аралығындағы Қазақтан Республикасы бойынша жұмыссыздық
динамикасы қарастырылды. Аймақтық, гендерлік, жастар арасындағы
жұмыссыздықтың негізгі факторлары анықталды. Жұмыссыздықпен күрестегі
негізгі мәселелер қарастырылып, қорытынды шығарылды.