Abstract:
Мақалада елдіміздегі алғаш тікелей өткен әкімдер сайлау процесі туралы айтылады. Қазақстан қоғамын демократияландырудың басым бағыттардың бірі - жергілікті мемлекеттік басқаруды реформалау болып табылады. Биылғы жылы ауыл әкімдерінің сайлауы халықтың саяси белсенділігін арттырып, ауылдық жерлердегі сайлау мәдениетінің жоғарлауы туралы айтылады. Дамыған елдердің көпшілігі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару үлгілерін жетілдіруге ұмтылады. Басқарудың бұл деңгейі халыққа ең жақын болып табылады және халықтың негізгі тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін шешеді. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұтымды құру кезінде жергілікті ресурстар оңтайлы игеріліп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімі де айтарлықтай артады. Еліміздің саяси жүйесіндегі тұңғыш рет өткен ауыл әкімдерін сайлауы сөзсіз ауыл халқының азаматтық-қоғамдық белсенділігі мен саяси мәдениетін арттыра отырып, елімізде саяси плюрализм принциптерінің қалыптасуының көрсететін қажетті қадам бола білді.
Мақала жақсы құрылымдалған, нақты және түсінікті тілде жазылған, пайымдаулар қисынды, әдебиеттер тақырыпқа сәйкес келеді.