Аннотации:
Мақалада теориялық талдау, нақтылау, жалпылап, жүйелеу әдістері арқылы студенттерді
субъект-бағдарлы психологиялық дайындау анықталады және оның мәндік сипаттамасы талданады.
Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың нәтижелері ретінде субъектілік және
психологиялық даярлық ажыратылып, жіктеледі. Өз кезегінде субъектілік пен психологиялық даярлық күрделі
ықпалдасқан, тұрақты тұлғалық құрылым болатыны анықталады. Жоғары мектептегі оқу-кәсіби іс-әрекетті,
қарым-қатынасты, өзіндік даму процесін жетілдіру үшін қажетті болатын психологиялық даярлық деңгейлері
студенттердің субъектілік ұстанымына негізделетіні дәйектеледі. Психологиядағы бағдар теориясының
негізінде студенттердің субъектілігі мен психологиялық даярлығы арасындағы өзара шарттастық болатыны,
олардың бір-бірімен тәуелді, байланысты негізде дамитыны қарастырылады. Студенттердi субъект-бағдарлы
психологиялық дайындаудың психологиялық білім берудегі; мазмұндық құрылымындағы; өзіндік дамуды
жүзеге асырудағы; психологиялық даярлықты деңгейлі дамытудағы; субъектілік ұстанымды психологиялық
жолмен арттырудағы; т.б. маңызы тағайындалады.