Abstract:
Бұл мақалада оқырман назарына кәсіптік бағдар берудің пайда болу тарихымен танысуды, Қазақстан Республикасындағы педагог мамандығының ағымдағы жағдайын зерттеуді, педагогикалық мамандыққа талапкерлер санын талдауды, «Педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасында кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыс тәжірибесін ұсынады. Қазақстандағы жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмысының аса қажеттілігі бар. Бұл барлық кәсіби салаларға қатысты: мектеп түлегі көбінесе өзінің бейімділігін, мүдделері мен тәжірибесін мамандық ерекшеліктерімен салыстыру арқылы емес, бұқаралық мәдениет арқылы жаппай санада тіркелген мамандықтың сыртқы атрибуттарын қабылдау арқылы қажетті мамандыққа бағдарланады.