Аннотации:
Инновациялық технологиялардың қарқынды дамуы жаратылыстану
ғылымдарының интеграциясы негізінде жүзеге асырылуда. Синергетика, кибернетика,
ноосфера және т.б. жаңа ғылым салаларының пайда болуы – ғылымдардың интеграциясының нәтижесі. Елімізде енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасының талаптарының бірі – пәндер сабақтастығының болуы, әрбір сабақтың қысқа мерзімді
жоспарында пәнаралық байланысты айқындап, сабақ барысында жүзеге асыру. Физика
- жаратылыстану ғылымдарының фундаменталды негізі болғандықтан, оның басқа пәндермен байланысын жүзеге асыру арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын
арттыру білім саласындағы жаңа бағдарлама талаптарының орындалуын қамтамасыз
етеді.
Болашақ физика пәнінің мұғалімі жалпы білім беретін мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға дайындығы болуы үшін жоғары оқу орнында арнайы
ғылыми негізделген технологияны меңгеруі қажет. Осыған орай ұсынылып отырған
мақалада білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға болашақ физика
мұғалімдерін дайындауда пайдаланып жүрген бірқатар пәнаралық сабақтардың мазмұны ұсынылып отыр.