Abstract:
Кәсіби қалыптасу саласындағы заманауи психологиялық - педагогикалық
зерттеулер болашақ маманның құзыретті және табысты тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. Қоғамның құбылмалы өзгерістері зерттеушіден диагностикалық
құралдарды жаңартып немесе модификациялауды және зерттеудің жаңа психологиялық - педагогикалық заңдылықтарын анықтайтын жұмыс формалары мен әдістерін
жетілдіруді талап етеді. Кәсіби даярлау жағдайында болашақ педагог - психологтың жеке
басының тұрғысынан «Мен» концепциясын диагностикалау және сипаттау мәселесі
ерекше қызығушылық тудырады. Осыған орай, мақалада «Мен» концепциясын зерттеу
тарихы және жоғары мектептің психологиялық - педагогикалық мәселесі ретінде кәсіби даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастыру процесі
қарастырылды. Сондай-ақ, С.А. Будассидің «Тұлғаның өзін-өзі бағалауы» әдістемесінің
көмегімен студенттердің кәсіби даярлау жағдайындағы «Мен» концепциясын зерттеудің ерекшеліктері және оның зерттеу мүмкіндіктері, модификациялардың жіктелуі
және түсіндіру әдістері ашылады. Іріктемені Павлодар педагогикалық университетінің
және С. Торайғыровтың атындағы университеттің «Педагогика және психология» мамандығының 237 студенті кірді. Сыналушылар жасы 17-ден 23-ке дейін, әр түрлі курс
студенттері. Студенттер эксперименттік және бақылау зерттеу топтарына бөлінді. Математикалық-статистикалық өңдеу нәтижелері SPSS Statistics 21 бағдарламалық жасақтамасының көмегімен алынды. Алынған нәтижелер студенттердің кәсіби
даярлау жағдайындағы «Мен» концепциясын зерттеудегі қол жетімділік пен валидтілік туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.