Abstract:
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан түбегейлі
өзгерістер білім беру жүйесіндегі басымдықтарды қайта қарауды талап етті және оның
ең маңызды мақсаттарының бірі - болашақ ұрпақты кәсіби қызметке даярлау. Қазіргі қоғамда мамандықтардың түрлілігі, соған сай ғылыми техникалық жабдықтардың
қарқынды дамуы, соған қарамастан, кәсіби білікті мамандардың тапшылығы белең алуда, сондықтан болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру барысында инновациялық технологияларды меңгеру маңызды. Заман талабының көрсеткіші білімді,
білікті, білікті жаңашылдықты меңгерген жастарға мұқтаж. Бұл мақалада кәсіби
іс-әрекетті қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың маңыздылығына
тоқталдық. Заман талабының көрсеткіші білімді, білікті жаңашылдықты меңгерген
жастарға мұқтаж. Ал оның бастау алатын бұлағы әрине білім беру мекемелері болып
табылады. Сондықтан да біз инновациялық технологияларды білім саласындағы алатын
орны мен ондағы қызметінен бастадық. Жалпы инновация дегеніміз не және оны қандай, ғалымдар зерттеді, қазіргі уақыттағы инновациялық технологиялардың түрлеріне,
және оның оқушыларға беретін қандай пайдасы бар екенін атап өттік. Және оқушыдан
бөлек мұғалімнің кәсіби іс-әрекетті қалыптастыруда қандай технологияларды қандай
деңгейде меңгеру керектігінің көрсеткіштерін талдадық. Жаңа инновациялық технологияларға бөлек тоқталып олардың бала бойында қандай қабілетті дамытуға көмектесетінін сараладық. Инновациялық технологиялардың ғылыми әдебиеттерде қарастырылып жүрген кезеңдеріне де тоқталып өттік.