Abstract:
Мақалада оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуда медиаресурстарды пайдалану арқылы студенттерде креативтілікті қалыптастырудың мәселелері қарастырылады. Зерттеу жұмысы психологиялық-педагогикалық бағытта болашақ маманның
медиамәтіндерді медиабілім беру арқылы қабылдау үдерісінде проблемалық, құрылымдық медиақабылдау деңгейлері негізінде креативтілікті қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтауды көздейді. Бұл мәселе қазіргі таңда медиамәдениеттің білім беру
үдерісіндегі маманның: эмоциялық, зеректілік, дербес шығармашылық іс-әрекет арқылы
креативтілік, дүниетаным, эстетикалық сана-сезімдерін дәстүрлі пәндерді оқу барысында меңгерген білімдерін пайдаланып оны жетілдірудің арақатынасымен тығыз байланысы жөніндегі мәліметтерді саралауға мүмкіндік береді.
Мақалада педагог-психологтерді мамандықтарына кәсіби даярлау үшін университет
қабырғасында медиатехнологияларды пайдалану арқылы инновациялық білім беру технологиясына сәйкес жүзеге асыру мәселесі зерделенеді. Сонымен қатар, медиамәтіндердің: терапевтік, компенсаторлық, рекреациялық, эстетикалық, когнитивті (танымдық), ақпарттық, коммуникативтік, адамгершілік, әлеуметтік функцияларын қолдану факторларын анықтаудың нақты жолдары ұсынылады.