Abstract:
Мақалада автор дене шынықтыру тұтас тұлға қалыптастыратын, студент-тердің табиғи күшті игеруге және физикалық мүмкіндіктерін мәдени дамытуға
бағытталған, олардың дене қабілеттерін дамыту, тәрбие үрдісі аясында мәдениет
элементтерін, ерекше жеке қасиеттерін дамытатын тәрбие құралы ретінде қарастырылған. Мақаланың мақсаты етіп жоғары дәрежелі спортшылар мен спорт резерві
ретінде студенттік спорт командаларын ұйымдастыру мен дайындаудың тиімді
шарттарын анықтаған. Зерттеу барысында дене шынықтыру мен спорттың, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортының, соның ішінде студенттік спорт командалары
арасында жалпы сипаттамасын белгілеу, студенттік спорт командаларын ұйымдастыру жүйесі мен қызмет нәтижелерінің динамикасын талдауды, ұйымның қазіргі
жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар сонымен қатар спорттық команданы
құру, оны ұйымдастыру мәселелері, спортшыларды материалдық-техникалық және
қаржылық қамтамасыз етілуі, тиісті әдістемелерді пайдалану және жаттығу үрдісін
ұйымдастыру жолдары қарастырылған.