Abstract:
Құпия деректер көптеген компаниялар үшін өте маңызды актив көзі болып табылады, сондықтан бұл деректерді қорғауға компанияның жоғарғы басшылығы, әкімшілер және IT-менеджерлер көп көңіл бөледі. Деректердің ағуы компанияларға теріс әсер етеді. Брандмауэр сияқты қауіпсіздіктің дәстүрлі тәсілдері деректерді ағып кетуден қорғай алмайды. Деректердің ағып кетуін / жоғалуын болдырмау жүйелері (DLP) – құпия деректерді сенімсіз қолдарға түсуден қорғайтын шешімдер болып табылады. Бұл мақала DLP жүйелеріне шолу жасауға және олардың құрылымын зерттеуге тырысады.