Abstract:
Қазіргі таңда ақпарат әлемі күн санап қарқынды дамып келеді. Дамыған заманда күн сайын жаңа қолданбалар, веб-технологиялар, веб-сайттар, программалық қамтамасыз ету пайда болды. Түрлі ағымдағы веб-қолданбалар - клиенттер мен бизнесті және әртүрлі әкімшіліктерді әртүрлі клиенттерге жіберетін толығымен пайдалы платформа құрылымдары деп те түсінсек болады. Веб сонымен қатар корпоративтік веб-сайттың интернет желісін жақсартуды талап етеді. Аталған құралдар қазіргі кезде нарықта көп болғанымен олардың қаншалықты тиімді екендігін зерттеу, веб-қосымшалардағы қауіпсіздік мәселелерін анықтау өзекті болып отыр. Осыған сәйкес оларға келетін осалдықтар, қауіп түрлерін алдын алу сынды қажетті шараларды іске асыру туындауда. Атап өткендей, көптегенұйымдарда веб-технологияларды қорғау схемасының қандай да бір түрі немесе оны құру, дамыту әрекеті болғанменен де тиімді генерациялауға қабілетсіз болып жатады. Сондықтан да бұл мақала көптеген қауіпсіздік қатерлері мен шабуылдарына әкелген веб-қосымшалардың маңыздылығын және олардың айналамызда таралуын көрсететін негізгі ақпаратты көрсетуге және веб-технологиялардың қауіпсіздік мәселелерін шешуге, веб-қосымшалардың қауіпсіздіксканерлеу құралдарына жүгінуге бағытталған.