Abstract:
Бұл мақалада Аmaryllidaceae тұқымдасының сәндік өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі сипатталады. Сәндік мақсатта өсірілетін өсімдіктер таңдап алынып, олардың құрылысына талдаулар жүргізілді. Зерттеу барысында Amaryllidaceae тұқымдасының сәндік өкілі Zephyranthes туысына жататын Zephyranthes candida, Zephyrantes carinata, Zephyrantes tubispata түрлерінен 45 өсімдік үлгілері зерттеуге алынды. Зерттеу жұмыстары мектеп ішіндегі гүл өсіру зертханасында құнарлы топырақ түрлерін таңдап ала отырып, өсімдіктердің аталған түрлері отырғызылды. Зерттеу жұмыстарында өсімдіктің сәндік мақсатта таралуы мен қолдану аясы, олардың көбею жолдары, құрылымдық қасиеттері мен морфологиялық ерекшеліктері көрсетілді.