Аннотации:
Бұл мақалада VI-XIII ғасырлардағы Орта Азияның тарихи географиясын зерттеудің деректік
негіздері мен тарихнамалық аппаратына шолу жасалады. Тақырыпты зерттеуге негіз болған қытай және араб
деректері салыстыра талданып, олардың деректік әлеуеті мен шынайылығы талданады. Сонымен бірге, тақырыпты зерттеуге қатысты ғылыми әдебиеттер мен олардың бағыт-бағдары, жеткен жетістіктері сарапталады.
Басты мақсат Тан империясы мен Орта Азяның қарым қатынасын зерттеу. Бұл әртүрлі көзқарас арқылы Тан
империясы мен Орта Азианың құрлық жол сызықтарының өзгерісін; Тан империясының Орта Азияға деген
танымын, қытай және араб деректеріндегі Орта Азиядағы қалалардың орны мен бағыт бағдарын; Тан империясының Орта Азияға жасаған шырғалау саясатының барысын; шырғалау басқағын құрғаннан кейін Орта
Азиядағы хулардың Тан империясы және арабтармен болған қатынасына деген әсері; Орта Азиядағы хулар
мен Тан империясы арасындағы саияси қарым қатынастың өзгерісі мен себебі сияқты мәселелер қарастырылады.