Abstract:
Әлемдік саясатта энергетикалық фактордың әскери фактордан кем емес рөл ойнай бастауы,
энергетикалық дипломатияның халықаралық саясат құралы ретінде қалыптасып, әрі қарай дамуына алып
келді. Осы орайда, Қазақстанның шығыстағы көршісі болып табылатын Қытай Халық Республикасымен
арадағы энергетикалық байланыстың маңыздылығы зор. Мақалада екі мемлекеттің екі жаққа да маңызы бар
мұнай-газ жобаларын жүзеге асырудағы негізгі кезеңдері сарапталып қарастырылған.
Екі республика да тұрақты негізде комитеттің 9-шы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу
нәтижелерін қарастырады. Бұдан басқа, мұнай-газ және атом өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың жайкүйі мен перспективалары, сондай-ақ электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері саласындағы
ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады.
Инвестицияларды тарту бойынша көш бастап тұрғандардың қатарында осы 26 жыл ішінде отынэнергетикалық секторға 200 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициядан тартылған болатын. Бүгінгі күні
бұл саладағы жағдай: үш ірі жоба - Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ - өндірісті кеңейту жобаларын іске
асыруда, жалпы инвестиция көлемі 42,3 миллиард долларды құрайды.