Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы, яғни еліміздегі жастарға саяси білім беру, ұлттық
идеологиямызды олардың санасына сіңіру, сол арқылы саяси мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың
жаңашыл тәсілдеріне өту қажеттігі айтылып, осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі
сауалнама қорытындыларымен салыстырыла отырып баяндалады. Және саяси мәдениетті арттырудағы
Елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауларындағы жоспарлар, мемлекеттік ұйымдар мен түрлі жастар
ұйымдарының іс-шаралары қарастырылады. Жастар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
кеңінен қолданатындықтан, жастар ұйымдары бір реттік шараларды өткізуден бас тартып, жастардың нақты
мәселелерін шешуге бағытталған жұмысты күшейтуі, бұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
арқылы, әлеуметтік желі арқылы таратылуы керек деп тұжырымдалады. Ақпараттандыру жұмысына жастар
ұйымдары баса назар аудару қажет. Зерттеу барысында сауалнамалар арқылы жүргізілген жұмыстар еліміздегі
жастардың өзінің саясатқа араласу, қатысу мүмкіндіктерін жоғары бағалайтынын көрсетті, жастардың саяси
белсенділігі статистикасының мәселелері қамтылды. Жастардың саяси белсенділігін қалыптастыруға ықпал
ететін, отандық саясатты талдап, таразылайтын кітаптардың аздығы мен теледебат секілді саяси пікірталас
алаңдарының жоқтығы да мақала тақырыбына өзек болады.