Abstract:
Mақалада М.Қашқаридың әйгілі шығармасы «Диуани лұғат ат-түркте» келтірілген мақалмәтелдердің этномәдени аспектілері қарастырылған. ХІ ғасырдағы түркі әлеміндегі белгілі ойшыл Махмұт
Қашқаридың „Диуани лұғат ат-түрік“ еңбегінде түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарымқатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Автор халық ауыз әдебиеті игіліктерін
пайдалану негізінде баяндау мәтінін ғибратты және өнегелі бағытта әрлендірген. Тәлімді ойшыл ғалымның
ұстанымы ақыл-парасат арнасы сөз өнерінен, нақыл сөздерден, даналық ойлардан, ақиқаттан бастау алды.
Мақал-мәтелдерді қолдану негізінде автордың ойы оқырманға жеңіл жеткізіледі және оның есінде көпке
дейін сақталады. Бүгінде Махмұт Қашқаридың көптеген қанатты, нақыл сөздері ел арасына кеңінен тараған.
Мақалада түрлі мақал-мәтелдерге этномәдени ракурста талдау жасалған.