Abstract:
Бұл мақалада қазіргі әлемдік аренадағы орны ерекше – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен
Корея Республикасының экономикалық серіктестігі қарастырылады. Оңтүстік Корея біраз уақыт ішінде
аграрлы мемлекеттен жоғары технологиялар мекеніне айналып, ел экономикасы әлем елдері бойынша 12-
ші және Азия бойынша 4-ші сатыға орнықты. Бүгінде ол саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік ортада
жетекші рөлге ие. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы маңызды геосаяси территорияда орналасқандықтан,
оның экономикалық, стратегиялық маңызы жоғары. Аймаққа кіретін он мемлекетті Оңтүстік-Шығыс Азия
елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) ұйымы біріктіреді. АСЕАН құрылғаннан бергі уақытта, ол өзін әлемдегі
ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтық топ ретінде танытты. Аймақтағы барлық дерлік мемлекеттердің
экономикалық дамуында өзіндік ерекшелік бар. Олардың барлығы үкіметтің тікелей қатысуы бар ішкі
нарықтық жүйеге қатаң бағытталған жүйеден алшақтап, сыртқы экспортқа жұмыс жасауда. Бұл стратегия
өз кезегінде аймақтағы мемлекетаралық экономикалық серіктестікке жол ашты. АСЕАН-ның сыртқы экономикалық саясатындағы басты серіктестерінің бірі – Корея Республикасы. Екіжақты серіктестік ауқымы
жылдан-жылға кеңейіп, өзінің табысты нәтижесін беруде.