Abstract:
Мақалада Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына назар
аударылды, сонымен қатар шешу жолдары ретінде қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды
құрамдас бөлігі – ұлттық ат ойындары ғылыми тұрғыда зерттеліп қарастырылды. Жылқыға салт мінуді қас
өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген көшпенділер өз заманының ең
қуатты еліне айналды. Жылқы малының түркі халықтарында, оның ішінде қазақ халқының наным-сенімдері
мен әдет-ғұрпында маңызды орын алатындығы ескеріле отырып: көкпар тарту, жамбы ату, шөген ұлттық
ойындарының ерекшеліктері, тарихи дамуы бейнеленді. Сондай-ақ, Махмұт Қашқаридың «Дивани лұғат-ит
түрік» еңбегінде бұл ойындардың көрініс тапқаны көрсетіледі. Бұл мақалада түркі халықтарының ойындары
бай мәдениет пен өркениет үлгісі ретінде қарастырылды.