Abstract:
Мақалада әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол»
жобасы туралы жарияланған материалдарға шолу жасалады. Мәселен, Қытай, Америка, Еуропа, Азия
елдерінің ең беделді ақпарат көздеріндегі аталмыш жоба жайлы контентті бір бірімен салыстыру арқылы,
қоғамдағы көзқарастардың соншалық сан-алуандығына көз жеткізіледі. Мақалада келтірілген бұқаралық
ақпарат құралдарындағы түрлі пікірлерге қарап жобаның қаншалықты қолдауға ие болғанын немесе сынға
ұшырағанын бағамдау қиын емес. Біз әлемнің белді ақпарат құралдарындағы бірнеше мақаланың ішінен ең
маңызды деген ой-пікірлерді беру арқылы, сол қоғамдағы аталмыш жобаға деген қалыптасқан қоғамдық
көзқарасты оқырманға жеткізуді мақсат тұттық.