Аннотации:
«Саяси технологиялар» термині саясаттану ғылымында ең жаңаларының
бірі. Алайда бұл осы технологиялардың жаңа ғана жүзеге асырылып жақанын білдірмейді:
іс жүзінде адамзат дамуының барлық кезеңдерінде қолданылған, бірақ оның маңыздылығы
демократияның даму өнімі, тарихи аренада «саяси адамның» пайда болуына және оның
қоғамдағы саяси өзгерістердің белсенді қатысушысына айналуына орай дамыды.
Мақалада сана, саяси сана және оның негізгі түсініктеріне ерекше мән беріледі.
Аталған мақалада сана және оған ықпал ету ұғымын теориялық тұрғыдан түсінудің
өзектілігі мен маңыздылығы қарастырылады. Қоғамдық сана мәселесі бойынша
ғалымдардың көзқарастары, кейбір тұжырымдамалық идеялары қарастырылып, талданады. Қоғамдық-саяси сананың қоғамдағы әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі рөлі айқындалды.