Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтің өзінің президенттік өкілеттілігі тұсындағы жаһандық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамалары, мемлекеттік мәселелерге қатысты жазған еңбектері мен ғылыми ізденістеріне толыққанды талдау жасалынады. Халықаралық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бүгінде кез келген мемлекеттің саяси
өмірінде орталық орын алып отырғаны атап өтіледі. Осы саладағы кез келген өзгерістер
әлемнің көптеген елдерінің және Қазақстанның халықаралық жағдайына қатты әсер
еткені дәлелденеді.