DSpace Repository

Миф пен эпос поэтикасының типологиясы

Show simple item record

dc.contributor.author Керимкулова, Р.О.
dc.contributor.author Ибраев, Ш.И.
dc.date.accessioned 2023-08-08T08:34:38Z
dc.date.available 2023-08-08T08:34:38Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2616-6887
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/4462
dc.description.abstract Әлем ғалымдарының айрықша назарын көне заман адамдарының дүниетанымынан тарайтын мифтің өз алдына дербес қызметі, структуралық түзілісі, мазмұны, адамзаттың ойлау ерекшеліктерімен байланысты табиғаты аудартып келе жатыр. Мифті зерттеудің әдістемесі мен теориясы антропологияның, әлеуметтанудың, фольклортану мен психологияның ғылыми жетістіктері тұрғысынан әр түрлі аспектіде зерттелу үстінде. Бұған жер бетінде байырғы мәдениетті сақтап қалған халықтар мен тайпалардың деректерімен бірге, мифтің антикалық дәуірден бері қағазға түскен үлгілері нысана етіп алынуда. Бұдан басқа мифтің көрініс тапқан саласы – эпос, аңыз, ертегі, ғұрыптық фольклормен бірге жеткен үлгілері де өз алдына үлкен сала құрайды. Осы мәселеде мифтің өзі ғана емес, оның жанрлық өзгеріске ұшырауы туралы да сөз қозғаудың жөні бар. Себебі фольклордағы миф замана контексінде өзгерген, идеологиялық өңдеуге ұшыраған, жанрдың (мәселен, эпостың) өзгешелігіне икемделген болып табылады. Мұндай заңдылық түркі халықтарының эпостық жырларындағы мифке де, мифтік кейіпкерлерге де қатысы бар. Іс жүзінде эпос – байырғы миф, ертегі, аңыз, ғұрыптық фольклор түрлерін синтездік сүзгіден өткізіп барып, дербес қалыптасқан жанр. Ондағы мифтік мотивтер, ұғымдар, кейіпкерлер эпостың жанрлық табиғатына икемделген. Аталған мақалада миф поэтикасының және эпос поэтикасының типологиясын ашып көрсетуде түркі халықтарының рухани мұраларын, эпостары мен мифтерін салыстыра қарастыру, соның негізінде тың тұжырымдарға қол жеткізу, оларды ортақ мәдени мұра ретінде білу міндетін орындауға бағытталуы мақаланың өзектілігін арттыра түседі. Түркі халықтарының фольклорын зерделеп, зерттеп, меңгерген сайын түбі бір түркілік болмысымыз да әр қырынан ашыла түседі. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject миф ru
dc.subject қаһармандық эпос ru
dc.subject эпос структурасы ru
dc.subject эпос поэтикасы ru
dc.subject типология ru
dc.subject мифтік ұғымдар ru
dc.title Миф пен эпос поэтикасының типологиясы ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account