Abstract:
Иран Орталық Азияда тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан бері, геосаяси аймақты қалыптастыруда маңызды рөл атқара бастады. Мақалада Иранның Орталық
Азиядағы негізгі мүдделерінің шеңбері талданады. Халықаралық қатынастардың қазіргі
жағдайы тұрғысынан Иранның Орталық Азиядағы саясатының геосаяси және экономикалық аспектілеріне назар аударылады. Тегеран мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығына қатысты энергетикалық және көлік-логистикалық фактордың аймақтағы Иран стратегиясына ықпалы бағаланады. Орталық Азияның бес мемлекеті өз
мүдделерін Иранмен серіктестікте толық көлемде жүзеге асыруға ұмтылды. Авторлар
көлік-коммуникация, энергетика салалардағы бірлескен жобаларға баса назар аударады.
Екі ел ынтымақтастығының негізгі салалары «Солтүстік- Оңтүстік» халықаралық
көлік дәлізін құру шеңберінде трансшекаралық көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ энергетика, газ және мұнай өндіру және экспорттау болды. Иран тарапының бірқатар ауқымды көліктік-логистикалық жобаларды іске асырумен байланысты
болжаулары оның саясатына түзетулер енгізу қажеттілігі туралы мәселені туғызады.
Орталық Азиядағы ИИР-ның саясаты туралы аз жазылады және айтылады, және оның
бұл аймақта белсенділігі төмен деңгейде болғаны көрінеді. Американдық санкциялық
қысымның қайтадан басталуы мен қатаюы Иран экономикасын қиын жағдайда қалдырды. Мұндай жағдайларда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда қаржыландырудың қажетті көлемінің болмауына байланысты да, түрлі геосаяси жағдайларға байланысты да айтарлықтай қиындықтар туындады. Соңғы жылдары Иранның стратегиясы
өте сақ және қайшылықты болып қала берді. Бір жағынан, Тегеран АҚШ-тың мүдделері
мен қысымынан тәуелсіз аймақтық энергетикалық серіктестікті күшейтуге тырысады. Осыған байланысты Иран ОАА елдерімен энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда. 2016 жылдың қаңтарында Иран Ислам Республикасынан
санкцияларды алып тастау дамудың жаңа кезеңін ашты.