Аннотации:
Мақалада «Қорқыт ата» кітабындағы «gün» тарихи лексемасын
салыстырмалы-тарихи аспектіде зерттеуді негізге ала отырып, қазіргі қазақ тілінде
фонологиялық, семантикалық, грамматикалық, прагматикалық сабақтастығын
анықтауды мақсат етеміз.
Тарихи лексемалар – қазіргі қазақ тілінің сөздік қорынының негізгі қабатындағы
ерекше құрылымдар. Олар әлемдік тілдік бейнедегі дүниетанымдық ерекшеліктер мен
ұлттың құндылықтарын белгілей отырып, атадан балаға мирас болып куммулятивті
қызмет атқарады. Тарихи процесте белгілі бір жағдайда белгілі бір себептермен жасалып,
уақыт өтуімен қолданыста сол тілді тұтынушылар тарапынан шыңдалған тарихи
лексемалар тілдік ортада жан-жақты дамып, тұтынушылардың коммуникациялық
сұраныстарын әлі де жүзеге атқаруда. Осындай тарихи лексемаларды фиксациялаған
VІІ-ХІІІ ғасырларда Сыр бойын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып,
ауыздан-ауызға көшіп, түркі тектес халықтардың бәріне түгел жайылған жазба
ескерткіш – «Қорқыт Ата кітабы» тілдік фактілердің қазақ тілімен сабақтастығы
қарастырылады. Аталған ескерткіштің оғыз тобындағы тілдермен сәйкестігі жоғары
болса да, қыпшақ тілдерімен фонологиялық, лексика-семантикалық, прагматикалық
тұрғыдан сәйкестігін зерттеген жұмыстардың аз болуы осы мақаланың өзектілігін
көрсетеді. Жалпы «Қорқыт Ата кітабы» тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігінен,
жер-су атауларынан, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, наным-сенімінен, тарихынан
ақпарат береді. Тілдің осы мазмұндық жағы, яғни куммулятивтік қызметтен
туындаған әлемнің тілдік бейнесін сипаттауы тарихи фактілерді жаңа заман
сұранысына сай қарастыруды қажет етеді. Солардың ішінде gün «күн» лексемасының
жан-жақты қолданысы мен алуан түрлі семантикалық қырлары қазіргі қазақ
тілінде де сақталу деңгейін анықтап, қазақ тілінің тарихи сөздік қорындағы орнын
бағамдаймыз. Сол арқылы тілдің табиғатын және ортатүркілік сөздік қорды қалпына
келтіре отырып, орта ғасырлық түркі дүниетанымының ерекшеліктерін анықтауға
тырысамыз.