Abstract:
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.Әрбір
Қазақстандағы баланың құқығы: Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен
азаматтық алуға құқылы. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. Бала
мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Тарихта ең алғаш рет БҰҰ «Бала құқығы декларациясы» [1] аясында оның орындалуын
бақылаудың халықаралық тетігі - Бала құқықтары бойынша комитет құрылды. Ол бес жылда бір
рет мемлекеттердің Конвенция талаптарын орындауға қатысты атқарған жұмыстары туралы баяндамаларын тыңдауға құқылы. Бүгінгі күні әлемнің 193 мемлекеті оны өз елдерінде енгізуге
келісім берген. Олардың қатарында 1994 жылы келісімге қол қойған Қазақстан Республикасы да
бар. Қазақстан конвенцияны қабылдаған жылдар ішінде балалар құқығын сақтау бағытында бірқатар істерді жасап үлгерген. Елде арнайы орган - Балалар құқықтарын қорғау комитеті құрылды,
«Қазақстан балалары» атты ұлттық бағдарлама қабылданды, «Ювеналды сот жүйесін дамытудың
концепциясы» бағдарламасы жүргізілді.