Аннотации:
Мақала шеңберінде құқықтық мәдениеттің заңдық практика барысындағы маңыздылығына талдау жасалған. Құқық қолдану және құқық шығармашылық қызметі, осы процестерде
қуатты өзін-өзі ұйымдастыру бастауларымен қатар, осы қоғамда бар құқықтық нормалар мен құндылықтар шеңберінде заң қызметінің белгілі бір ережелері басым орын алатын жағдайларда тиімді
бола түсетіндігі аталып кеткен.
Сонымен қатар, еліміздегі Ата заңға енгізілген толықтырулар мен өзгеістерден негізін алатын
құқықтық реформалардың аясындағы қоғамдағы құқықтық мәдениеттің дамуына талдау жасалады.
Мақала авторлары құқықтық мәдениет пен құқықтық санаға қатысты еңбектерді зерделей отырып,
бұл ұғымдардың құқықтық мемлекетті одан әрі жетілдіруде өте маңызды рөл атқаратындығына
ерекше назар аударады. Бұл мақаладағы айтылған мәселелер болашақтағы ғылыми зерттеулерге
үлкен ой салады. Өйткені ғылыми мақалада кейбір институттардың мән-мағынасына жаңа тұжырымдамалық тұрғыда баға беріледі.