Abstract:
Мақалада шетелдегі отандастарды, ең алдымен қазақ диаспорасын, мемлекеттік қолдау мәселелері әр түрлі аспектілерде қаралды: бір жағынан, мемлекеттік
саясат пен ұлттық заңнаманың қазіргі жағдайы, екінші жағынан – қазіргі халықаралық тәжірибе ерекшеліктері. Жұмыста проблеманың құқықтық жағы басым қозғалды, себебі шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша шетелдік
тәжірибені зерделеуде әлеуметтік-экономикалық, саяси, моральдық-адамгершілік және
басқа да аспектілердің бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу барысында шетелдегі отандастарды қолдау мәселелері диаспора, көші-қон процесі сияқты құрамдастармен тығыз байланыста екеніне көз жеткізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесі шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауға, бірінші кезекте этникалық қазақтарды тарихи Отаны – Қазақстан Республикасының айналасына шоғырландыруға бағытталған қазіргі Қазақстан тарихындағы алғашқы заң жобасын әзірлеу болып табылады.