Аннотации:
Интеграциялық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін айқындайтын
сұрақтар бойынша бірнеше тәсілдер бар. Интеграциялық бірлестіктер жұмысының
жалпы заңдылықтарын белгілеу мемлекеттердің интеграция дәрежесі, құрылу мақсаттары, қызмет бағыттары және т.б. бірқатар факторларға байланысты күрделі. Бірақ
бұл тұжырымдамалар интеграциялық бірлестіктерді ерекше белгілері бар халықаралық
ұйымдардың түрі ретінде анықтайтын ұстанымға жақын екенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, интеграциялық бірлестіктердің құқықтық мәртебесіне қатысты
халықаралық құқықтық актілерде де нақты ережелер жоқ екеніне назар аударған жөн.
Алайда, интеграциялық бірлестіктер бірқатар халықаралық құқықтық актілерде тек
халықаралық ұйымдардың бір түрі ретінде түсіндірілген.
Мақалада интеграциялық бірлестіктердің мәртебесін талдаудағы теориялық тәсілдеріне талдау жасалды.