Abstract:
Мақалада қазақ репатриациясы ұғымы және оның баламасы болып
табылған «байырғы ұлт өкілдері», «оралман», «қандас», «репатриант» сынды
терминдердің ғылыми айналымда өзгеру динамикасы мен себептері қарастырылады.
Қазақстан жағдайында репатриация және оның салдарынан туындайтын түйіндерді
әлемдік қалыптасқан формуламен емес, жекелей (тарихи, аймақтық, этностық
жағдайлар тұрғысынан), арнайы теориялар мен әдестерді пайдалану арқылы зерттеу
тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Соңғы 30 жылдағы этникалық көші-қон ұғымдарының өзгеруіне ықпал еткен заңдық
және әлеуметтік себептерді ескере отырып, құқықтық статуыс пен қоғамдық
пікірден туған атаулардың ғылыми термин ретінде қолданудың тиімсіздігін көруге
болады. Сонымен қатар, мақалада әлемдік тәжірибедегі репатриация үлгілерінің
терминдік қолданыстарына (Израиль, Ресей, Германия, Польша, Корея, Жапония т.б.)
салыстырмалы талдаулар жасалынып, қандай терминнің этникалық қазақтардың
оралу көші-қонын толықтай сипаттай алатыны қарастырылды.
Этникалық көші-қон түсінігі және анықтамасы мәселесінің отандық ғылымда
дұрыс қойылуы мен шешілуі осы сала бойынша зерттеулердегі бірізді терминдердің
қалыптасуына жағдай жасайды.