Abstract:
протон оқиғаларының сәулелену параметрлерi және галактикалық ғарыш
сәулелерiнiң қарқындылығы туралы деректер жер маңындағы кеңiстiктегi радиациялық
жағдайдың ұйытқысын бағалау үшiн практикалық қызығушылық тудырады. Сондықтан
бұл жұмыста жер деңгейiндегi ғарыштық сәулелер ағынын үздiксiз бақылауға арналған
CARPET ғарыштық сәулелер детекторының қысқаша сипаттамалары келтiрiлiп, 4-10
қыркүйек аралығындағы күн протон оқиғасы кезiнде тiркелген ғарыштық сәулелердiң
қарқындылығының вариациясын талдау нәтижелерi келтiрiлген. Осы уақыт аралығында
байқалған Форбуш-төмендеуi туралы деректер де келтiрiлдi.