Аннотации:
Қазіргі білім беру жүйесінде заман талаптарына, озық парадигма өлшемдеріне
жауап бере алатын жаңа теориялық үрдістерді жасау қажеттілігі анық байқалып отыр. Кәсіби тілдік
құзіреттілікке лайықты болашақ мамандарды дайындау саласында көптілділік білім принциптерін
қолдану жолдарын дамыту және жетілдіру аса маңызды мәселеге айналып отыр. Осы мақсатқа орай
жаңа типтегі кәсіби тілдік тұлғаны лингвоәдістемелік моделдеу үлгісін жоғары оқу орындарында
енгізу күн тәртібінен орын алуда. Студенттердің этникалық өзіндік идентификациясын бұзбай бір
тілдік кодтан екіншіге тез өтудегі ана тілінде, орыс (қазақ) тілдерінде және ағылшын тілінде тілдік
және сөйлеу жетістіктерін есепке алу басқа тілдік лингвомәдениетті кәсіби деңгейде меңгерген
тілдік тұлға қалыптастыруға жеткізеді.