Abstract:
Мақалада түркі дәуіріне дейінгі қаһармандық аңыздаулар қатарындағы Томирис
патшайым туралы аңыздарға тарихи жазбалар және көркем туындылармен салыстырмалы талдаулар жасалады. Томирис туралы аңыздаулар он екі мотивке жіктеліп, сол мотивтер бойынша тұжырымдар жасалады. Сондай-ақ Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі жазбалардың тарихи мәні сараланады. Томирис патшайымның елдікті сақтау жолындағы күресі, ерлік істері, ел билеуші ретіндегі
тұлғасы – аңыздың негізгі өзегі екендігі көрсетіледі. Елдік пен ерліктің тамаша үлгісі ретінде ел
жадында мәңгілік сақталған қаһармандардың істері аңыз арқылы дәріптелгені түсіндіріледі. Тарихи оқиға мен аңыздар негізінде түзілген әйгілі тарихшы еңбегіндегі мәліметтер кейінгі, қазіргі
заман зерттеушілері мен қаламгерлерінің еңбектеріне қайнар көз болғандығы айтылады. Томирис
патшайымның елдік жолындағы ерлігі «Мәңгілік Ел» идеясының бағытында түсіндіріліп, тұжырымдалады.