Аннотации:
Мақалада қазіргі қазақ тілі қолданысында кездеспейтін көрнекті ұлт қайраткері,
ағартушы Міржақып Дулатұлының (1885-1935) 1914, 1922 жылдары жарық көрген «Есеп құралы»
оқулығындағы математикалық терминдер ерекшелігі зерттелінген. Автор тарихи ұлттық терминдердің бүгінгі оқулықтар мен сөздіктердегі жаңа баламасы мен тәржімесіне, сондай-ақ қолданыс
аясына сараптама жүргізіп, салыстырмалы талдау жасайды. Сала мамандарына ұсыныс береді.