Аннотации:
Мақалада кеңестік қазақ әдебиеттануында зерттеліп-зерделенбеген түрік балалар әдебиетінің ірі өкілі Гүлай Сормагештің өлеңдері талқыланған. Ақынның туындыларын қазақ
балалар әдебиетіндегі ой-танымдармен ұштастырып, әдеби туындыларды өзара салыстыру мақсаты көзделіп, талданған.
Ақын Гүлай Сормагештің балалар мен жеткіншектерге арналған «Сен жараттың, Алла(һ)-ым» («Sen yarattın Allah’ım»), «Сәлем болсын» («Selam olsun»), «Шүкір етермін Раббыма» («Şükür ederim Rabbime»), «Құрбан мейрамы» («Kurban bayrami»), «Алладан сыйлық, бізге»
(«Allah’tan hediye bize») т.б туындыларынан – жаратқанды тануға, имандылыққа уағыздаған, иман арқылы Жаратушы иеге шүкір ету, сабырға келу ұлағаттарын ұлықтаған, адамзат бойындағы асыл қасиеттер – қанағат, ізгілік, адамгершілік ұғымын танытуға арналған – имандылықтың нұрына бөленген поэзияны танытады.