Аннотации:
Мәтіннің мәні, даму тарихы уақыт өткен сайын толығып отырады. Оған дәлел
- мәтіннің көп қырлы сипаты. Мәтіннің негізгі қасиеті – оның қарым-қатынас функциясында. Бұл
сипат көркем мәтіннің болмысын толық ашады. Мәтін – тек қарым-қатынас жасаудың әдепкі формасы ғана емес, мұнда сөздің барлық қырлары – тікелей, жасырын, көркем, ишара, ықпалдас, символдау, монолог, диалог тәсілдері ашылады. Ендеше мәтінде сөздің тікелей мағынасы ғана емес,
астарлы мәні, белгі-сипаттары айқындалады. Мәтінде ақпараттың жаңа, көркем, бейнелі, жалпы,
дербес түрлері жинақталады. Бұл ретте, мәтін - сөзді сақтаудың, жеткізудің, сол арқылы белгілі бір
тарихи дәуір бейнесін, әлеуметтік жағдайды, адамға тән сезім-күйі мен психологияны жеткізудің
ерекше құралы. Мәтінге берілетін әдебиеттанушылық, философиялық, лингвистикалық анықтамалар мәтіннің көпсалалы болмысын айқындайды.