Abstract:
Мақала «Қазақ фольклорын тілдік-жанрлық зерттеу» тақырыбындағы
гранттық ғылыми жоба жосығымен жазылды. Қазақ көне эпосының жанрлық ерекшеліктері
сараланады. Жанрды ерекшелейтін - бейнелеу тәсілі, ал бейнелеу тәсілі тіл арқылы жүзеге
асады. Лингвофольклортану тұрғысынан қарағанда көне эпос жанрын айқындайтын тілдік
бірліктер табылады. Аң тілдік таңбасын тірек сөз ретінде алып, оның тарихын, мән-мағынасын талдағанда, танымдық жағын тұжырымдағанда қазақ көне эпосының әлемдік өнер
тарихындағы «аң стилінің» қазақ халық ауыз әдебиетіндегі көрінісі екені дәлелденеді.