Abstract:
Тәуелсіздік кезеңінде қоғамдық-әлеуметтік салалармен бірге мәдени-рухани арналарға да көп көңіл бөлініп, жаңа жол, кең өріс ашылды. Әсіресе, ел тарихының
арғы-бергі кезеңдері қайта қаралып, жаңа уақыт талаптары тұрғысынан жіті зерделеніп, зерттеу бағыттары соны сипат алды. Арғы арналардағы ата-бабаларымыздың
арман-аңсарына айналған – «Мәңгілік ел» мұраты, оның қалыптасуы мен тарихи сабақтастығы әр қырынан қарастырылып, маңыз-мәні айқындалып, кең көлемде сараланды.
Мақалада «Мәңгілік ел» мұраттарының хакім Абай мұрасында кеңінен көрініс тауып,
оның өзі тақырыптық ерекшелік, жанр жүйесі, көркемдік-рухани сабақтастық негізінде өріс алуы жан-жақты сөз етіледі. Абай әлеміндегі ел-жердің қасиеті мен құдіреті,
адам мұраты мен өмір мәні, дәстүр мен дін сипаты, тарих пен таным тоғысы, ұлт
пен ұрпақ қамы, отан мен отбасы бірлігі, білім-ғылым жүйесі, бес асыл іс, ақыл-парасат
нәрі, жүрек ісі, жастық пен достық сыры, заман шындығы, жақсы ән мен тәтті күй,
жыл мезгілдері, сөз сарасы, терең ой, тәлім-тәрбие арналары, уақыт бедері кең түрде
зерделеніп, талдау мен салыстыру-салғастырулардың негізін құрайды.