Abstract:
Мақалада мәтін ішіндегі ретроспекция амалының қолданылу сипаты
мен оның көріну жолдары баяндалды. Ретроспекция амалына қатысты әдебиеттанудағы, тіл біліміндегі зерттеулерге шолу жасалды. Аталған көркемдік тәсілдің мәтін ішіндегі орны, композициялық-құрылымдық сипаты қарастырылады.
Сонымен қатар, ақындар шығармаларына шолу жасалып, қазақ поэзиясындағы
ретроспекцияның берілу жолдарына назар аударылды. Әр қаламгердің шығармашылығындағы ретроспекция құбылысының берілу ерекшеліктері сараланды.
Зерттеушілер пікірін саралай келе, ретроспекция ұғымына түсініктеме берілді.
Жалпы ғылымда және әдебиеттанудағы ретроспекция құбылысының алатын орны
екшелді. Әдебиеттану тұрғысынан мысалдар арқылы талдаулар жасалып, қазақ
әдебиетіндегі, оның ішіндегі, қазақ поэзиясында ретроспекция құбылысының рөлі
зор екендігі нақтыланды. Ретроспекция құбылысының автор тарапынан оқырманға беретін көркемдікпен қатар эстетикалық мәні бар екені көрсетілді.