Abstract:
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін табиғи түрінде зерттеу А.
Байтұрсынұлы синтаксисінен басталды. Бұл ХХ ғасырда жалғасып, сөйлем мүшелерінің
түрлері жіктеліп, талданып негізгі ұстанымдары қалыптасты. Дегенмен сөйлем
мүшелері теориясы мен жүзесінде шешімін таппаған мәселелер баршылық. Тұрлаулы
мүшелерде басымдық бірде бастауышқа берілсе, бірде баяндауышқа беріліп келеді.
Грамматикалық бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас пен логикалық субъект
пен предикат арасындағы қатынастар туралы мәселе бір ізге түскен жоқ. Тұрлаусыз
мүшелерді мағыналық түрлерге жіктеуде бірізділік жоқ: анықтауыш пен толықтауышты
мағыналық түрлерге бөлгенде құрылымды негіз етсе, пысықтауышқа келгенде
функционалдық тұрғыға сүйенеді. Пысықтауыштардың мағыналық түрлері түгенделген
жоқ. Үйірлі мүшені анықтаудағы ұстаным екі түрлі. Мақалада осы мәселелердің шешімі
ұсынылады.