Abstract:
Мақалада Абай «Қара сөздеріндегі» синоним сөздердің қолданысы
қарастырылды. Мақалада анализ, синтез, сипаттау, мәнмәтіндік, семантикалық
талдау әдістері қолданылды. Абайдың қарасөздерінде көп кездесетін көркемдік, тілге
шеберлік қасиеттің бірі көптеген синоним сөздерді өте шебер пайдалана білуі. Олар
Абай тілінің көркемдік нәрін арттырып, стильдік бояуын айқындай түседі. Абайдың
тіліндегі синонимдердің стильдік қолданысы: шығарманың экспрессивті-эмоционалды
бояуын аша түсу үшін, белгілі бір ұғымды кеңейтіп, жан-жақты толықтырып айту
үшін; бейнелеуіш тәсіл ретінде градация тудыру үшін қолданылғандығы талқыланады.
Мақаланың алғашқы бөлігінде Абай прозасын зерттеген ғалымдардың еңбегі
басшылыққа алынады. Негізгі зерттеу бөлімінде Абайдың бірінші қарасөзінен бастап,
қырық бесініші қарасөзіне дейін кездесетін синоним сөздер жинақталған. Олардың
біршамасына семантикалық талдау жұмысы жүргізіліп, синонимдік қатар ретіндегі
сипаты айқындалады. Сонымен қатар, «Қара сөздерінде» ұшырасқан синонимдердің
басым бөлігін біріктіретін «адам» концептісі бірнеше мағыналық бөліктерге
топтастырылып қарастырылады.