Abstract:
Етістік – мағыналық топтарға бай сөз табы. Етістіктің мағыналық топтарының ерекшелігі олардың қызметі мен қолданысы арқылы айқындалады. Солардың
ішінде ең жиі қолданылатыны – сөйлеу етістіктері.
Сөйлеу етістіктері сөйлеу әрекетімен байланысты. Сөйлеу – адамға тән, адамдардың
өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын үдеріс, құбылыс. Адамның сөйлеу әрекетінің жүзеге асу сипаты, өту үдерісі, жалпы сөйлеу әрекеті сөйлеу етістіктерімен
анықталады. Сөйлеудің сипаты, берілу тәсілі, сөйлеу нысаны, ақпарат жеткізу – мұның барлығы сөйлеу етістіктерінің тілдік табиғатымен байланысты.
Мақалада қазақ тіліндегі жалпы сөйлеу әрекетін білдіретін «айт», «сөйле», «жеткіз»
етістіктерінің мағынасы мен қолданысы қарастырылады. Сөйлеу үдерісіндегі қызметі, қолданыс ерекшелігі тілдік деректер арқылы сараланады.