Abstract:
Осы мақалада қазақтың аса көрнекті ғалымы А. Байтұрсынұлының
«Әдебиеттанытқыш» еңбегінде ауыз әдебиетін саралауға байланысты қолданған
ғылыми ұстанымдары, өзінен кейінгі кеңестік және бүгінгі фольклортану
ғылымындағы ұстанымдар тұрғысынан пайымдауға қадам жасалды. Зерттеу
барысында А. Байтұрсынұлының ауыз әдебиетіне байланысты пікірлері өз
заманындағы теориялық ұстанымдарының ықпалы болғаны анықталды.
Зерттеу әдісі ретінде тарихи-салыстырмалы және герменевтикалық әдістер
қолданылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында оның ғылыми парадигмасы
мен ұстанымдарына байланысты туындаған мәселелер анықталып, оның діни
факторға байланысты екеніне көрсетілді. Ауыз әдебиетіндегі жекелеген жанрлар
бойынша тиісті салыстырулар жасалып, Алаш, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдер
арасындағы көзқарастарға байланысты сабақтастықтар анықталды. Тарихи және
замана ағымына байланысты әдебиеттану мен фольклорда орын алған ғылыми
көзқарастардың өзгеруіне байланысты А. Байтұрсынұлы ауыз әдебиетіне жатқызған
жанрларға байланысты өзгерістер болғаны айқындалды. Осы пайымдауларға
байланысты тиісті қортындылар мен тұжырымдар жасалды.